Жетысуский государственный университет имени Ильяса Жансугурова
28 октябрь 2016
249
0

Талдықорғанда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды, деп хабарлайды Қазақпарат. «Заманауи сын-тегеуріндер мен қоғамның жаһандану жағдайында Қазақстандағы білім мен ғылымның инновациялық әлеуеті» атты шараға Түркия, Ресей, Қытай елдерінің профессор, ғалымдарымен қатар жалпы саны 250-ден астам адам қатысуда. Ауқымды жиынның басты мақсаты - еліміздегі білім мен ғылымның әлеуетін арттыру. Осы мақсатта ғалымдар өз ойларын ортаға салады. Бұдан бөлек, білімді одан әрі жетілдіру мақсатында шетелдегі ЖОО-ң өкілдері 36 мақала ұсынған. Осылардың барлығы жинақталып, олар бойынша ғалымдар ертең нақты тоқтамға келеді.

Жалпы Қазақстанда білім мен ғылымды дамыту жолдарында өз ұсыныстарын жеткізеді. Ал, соңында ең өзекті де ұтымдысы іріктеліп, ғылыми мақалалар жинағы болып шығады. Шара екі күнге жалғасады. Айта кету керек, халықаралық дәрежедегі конференцияның ұйымдастыушысы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті. Аталған білім шаңырағында 6 мыңға жуық студент 40 мамандық бойынша білім алуда. Ал, оларға 350 аса профессор, ғалымдар дәріс беруде.

 

http://www5.inform.kz/ru/taldykorganda-halykaralyk-gylymi-tazhiribelik-konferenciya-bastaldy_a2963804

Поделиться новостью