Жетысуский государственный университет имени Ильяса Жансугурова
30 январь 2017
231
0

Билік тиімділігі

Билік тиімділігіҚуат Баймырзаев,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік

университетінің ректоры,

география ғылымдарының докторы,

профессор

 

Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  белгілеген  бес институционалды реформаны жүзеге асырудың 100 нақты  қадамы  бағытында  елімізде  жан-жақты жұмыстар жүргізіліп келеді.   Бұл қадамдар іс жүзінде жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап бере алатын, жаңа тарихи жағдайларда еліміздің дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі басты құжаты деп белгіледік. Президент Қазақстан -2050  стратегиялық бағдарламасында да  еліміздің өркениет бағытын жан-жақты көрсеткен болатын.  Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан көріну  үшін алдымен  еліміздің  экномикасын көтеріп, әл ауқатын арттыру қажеттігін  де талай айтқан. Ұлт дамуының басты ұстынына айналатын  Ұлттық жобада Елбасы бірінші, кәсіби мемлекеттік аппарат құру бағытында 15 қадам жасалуы керек екендігін көрсеткен еді. Енді міне,  осы қадамдарды жүзеге асырудың нақты мерзімі келіп, демократиялық, құқықтық мемлекетті дамыту мақсатында Елбасы үлкен қадамға барып Қазақстан халқына арнайы үндеу жасады.  –Қазір заманның дидары өзгерді.Біз де өзгеруге тиіспіз.Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді.Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым,- деп  ел болашағы үшін тәуекелді шешім қабылдап отыр.  Мұның өзін Елбасының инновациялық ойлауы,  реформаторлық қасиеті,  білікті саясаткерлігінің нәтижесі деуге болады.

Бәрімізге белгілі, еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы, саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы жолында  жүргізілетін аса күрделі және сан-салалы жұмысты басқаратын елдің саяси билігі. Саяси билікте шешуші тұлға Президент болғандықтан осы күнге дейін бар салмақ, құзыреттілік Президент еншісінде болды.  Қарапайым халық үшін Президент қызметінің тағдырлық маңызы күшті екені даусыз. Алдайда  бұл қадамға Елбасы: -Мен Президент ие өкілеттіктердің айтарлықтай бөлігін беруге саналы түрде барып отырмын.Мен мұны жалғыз ғана мақсатпен – елді басқарудың неғұрлым тиімді, орнықты, заманауи жүйесін құру үшін жасап отырмын,-деп ағынан жарылуда.Үндеуде Елбасы Үкіметке қандай басымдық берілетіні, Парламент құзырына не кіретінін ашып айтып отыр. Билік тармақтарын бөліп беру арқылы олардың жауапкершілігі қалай артатындығын да жіпке тізіп берді. Ал билік басымдықтары Үкімет пен Парламентке өтсе қай бағытты ұстанамыз деген күдікті Президент: -Реформалар бағдарламасы – ол Қазақстан қай бағытта жүреді деген сауалға біздің жауабымыз.Жауап айқын және дәйекті – демократиялық даму жағына қарай, -деген нақты жауабымен сейілтті.

Ұсынылып отырған шаралар демократиялық процестің ары қарай жалғасын табатындығын көрсетеді. Саяси биліктегі екі негізгі тармақтың, яғни, Үкімет пен Парламенттің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар екі тармақтың кәсібилігін арттырып, елдің саяси-экономикалық дамуындағы зор жауапкершілікті жүктейді.   Бұл реформаның бәрі сайып келгенде, билік пен халықтың тұтастығын нығайтады.  Билік пен халық жақын болса, мемлекет күшейеді. Әлеуметтік - саяси орта жақсарса, онда азаматтардың отансүйгіштік, патриоттық сезімдері артады. Әл ауқаты жақсы халық қана демократиялық құқықтық мемлекет құруда белсенді болады.

Ең бастысы, Президент ұсынған өзгерістер, яғни, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң  жобасы бір ай бойы бүкілхалықтық талқылауға түсіп, сараланбақ. «Келісіп пішкен тон келте болмайды»- дегендей ел болып пікір білдіріп, ұсыныс-тілек айтсақ, бұл реформа оңтайлы жүзеге асады деп ойлаймын. Елімізде жаңа мазмұндағы саяси жүйе қалыптасып, ол ел игілігі, мемлекет мүддесі үшін тиімді жұмыс атқарады деп сенемін. 

Отанымыздың орнықты дамуы мен алға жылжуына бағытталған бұл Үндеуді өз басым толық қолдаймын. 

http://politika.zhetisu.gov.kz/
Поделиться новостью