Жетысуский государственный университет имени Ильяса Жансугурова
31 январь 2017
191
0

Елбасының үндеуі еліміздің жаңғыруындағы жаңа тарихи оқиға

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Президент үндеуі арқылы жарияланған реформа - Қазақстанның әлемдік құбылыстағы өз орнына ие болуға жетелейді.

 

Елбасының үндеуі еліміздің жаңғыруындағы жаңа тарихи оқиға

 

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы, профессор Аманжол Қасабек Мемлекет басшысының үндеуіне қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін Талдықорған қаласында аталған оқу орнының оқытушылары мен студенттері  Елбасы үндеуін талқылады. Басқосуда Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылатын реформалар туралы сөз болып, ондағы жастардың рөліне де назар аударылды. Университет оқытушысы философия ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қасабектің айтуынша, Елбасының үндеуі еліміздің жаңғыруындағы жаңа тарихи оқиға болып табылады.

 

Елбасының үндеуі еліміздің жаңғыруындағы жаңа тарихи оқиға

 

«Президенттің өзі бүгінгі әлемнің өзгергенін, қазіргі заманның дидары басқаша болып отырғанын айтып отыр. Ал мұндай өзгерістер дүние жүзінде өріс алды және біздің елді де қамтыды. Осыған сәйкес отанымыз дәстүрлі қоғамнан гуманистік қоғамға қарай бет бұрды. Бұндай ерекшелік үндеуде баса айтылды. Жалпы Қазақстан әлемдік құбылыста өз орнын алу керек, ал бұл үшін біз өзгеруге тиіспіз. Бұл қағида Президент үндеуінің негізгі желісі деп ойлаймын» -деді Аманжол Қасабек.  Бұдан бөлек, жиын барысында сөз сөйлеушілер президенттік биліктің қазақ елі үшін маңызды рөл атқарғанына, ендігі жерде Парламент пен Үкіметке  басқару жүйесінде басымдық берілетініне, сондай-ақ оның қарапайым халық үшін тиімді жақтарына тоқталды.

 

Елбасының үндеуі еліміздің жаңғыруындағы жаңа тарихи оқиға


Спикерлер елімізде саяси реформалардың осыдан бірнеше жыл бұрын бастау алғанын жеткізді.  Елбасы реформасының мәні  билік тармақтарына өкілеттік беру ғана емес, сонымен бірге, үлкен жауапкершілік жүктеу екеніне де назар аударды. Қызу пікірталасқа оқытушылар ғана емес студенттер де араласты. Мәселен, педагогика және психология факультетінің студенті  Әсем Қалибекованың пайымынша, Қазақстан Елбасы жариялаған реформаларды тиімді жүзеге асыра отырып, алдағы уақытта да демократиялық бағыттағы қарқынын нақтылайды. «Президенттің арқасында Қазақстан 25 жыл ішінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Оны бүгінде бүкіл әлем мойындайды. Қазіргі таңда халқымыздың саяси белсенділігі артты. Қазақстан азаматы ретінде біз де еліміздің саяси өміріне араласып, өз үлесімізді қосуымыз керек»,- деді ол. Басқосу соңына қарай Елбасы үндеуін насихаттау, оған қолдау көрсету, жалпыхалықтық талқылауға салынған реформаларға белсенділік таныту мәселелеріне де назар аударылды.

 

 http://www.inform.kz/

Поделиться новостью